- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Тойып ішіп алғанмын!"...
"Тойып ішіп алғанмын!" Түркістан облысында мас күйінде көлік айдаған әйел оңбай ұсталды
Түркістан облысында мас күйде көлік тізгіндеген әйел оңбай ұсталды. 27 жастағы жүргізуші Шардара-Арыс тас жолының бойында қарсы бағытқа шығып, жол белгілері талаптарын сақтамаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Audi A4 маркалы автокөлігін Шардара аудандық учаскелік полиция инспекторлары түнгі рейдтік шара барысында тоқтатқан. Тәртіп сақшылары жүргізуші әйелдің құжаттарын тексеру кезінде оның мас хәлде екенін анықтаған. Өз сөзінде көлік тізгіндеген әйел ішімдік ішкенін растап, "тойып ішіп алғанмын, сотта жауап беремін" деп айтқан.
Мас халде рөлге отырған жүргізушіге қатысты іс-құжаттары сотқа жолданып, автоледи 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан