Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева ұлы Бекланның тойын Түркияда дүркіретіп өткізді. Ол той қызықтарын Instagram-парақшасына салып отырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желідегі сурет-видеоларға сүйенсек, той Түркиядағы JW Marriott Hotel Istanbul Marmara Sea қонақүйінде өткен.
"Тойға дайындық басталып кетті. Түркияның мықты кеш ұйымдастырушы компаниясы өз қызметін бастап кетті", - деді Айнұр Тұрсынбаева.
Тойға Қазақстаннан танымал өнер адамдары келген. Сондай-ақ, Майра Ильясова, Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев, Қайрат Нұртас, Ерке Есмахан, Алтынай Жорабаева сынды әншілер, "Алатау серілері" тобы өнер көрсеткен.
"Қазақ эстрадасының хитмендері той төрінде", - деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.
Айнұр Тұрсынбаеваның өзі де тойда әннен шашу шашқан.
"Ақ келініме аналық жүрегімнен шығарған туындымды қабыл алыңыздар", - деді ол.
Тойда қызық ойындар да болған, сыйлығы да аз емес. Ойынға қатысқандарға гауһар тас берілген.
"Жылдың ең үздік тойы деп баға беріп жатқандарыңызға рақмет", - деді Айнұр Тұрсынбаева.
Еске салайық, мамырда Айнұр Тұрсынбаеваның ұлы Беклан келін әкеліп, бұл қуанышты жаңалықты әншінің өзі Желідегі парақшасында айтып, суреттерін жариялағаны хабарланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!