Тойына бірнеше “Гелендваген“ жалдаған қазақстандықтың басы дауға қалды

Түркістан облысында жол ережесін өрескел бұзған той кортежінің жүргізушілері жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлер Алматы - Шымкент тасжолының 667-шақырымында жол ережесі бұзылғанын анықтады. ІІМ мәліметінше, Сайрам ауданының тұрғыны үйлену тойын өткізу үшін 10-ға жуық көлік жалдаған.

"Олардың жүргізушілері жол ережесін өрескел бұзып, жол қозғалысының басқа да қатысушыларына кедергі келтірген. Барлық жүргізуші анықталып, жауапқа тартылды. Ал көліктер айыптұраққа қойылды. Сондай-ақ, ұйымдастырушымен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деді ІІМ өкілі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!