- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Тойына ақша тапқысы...
"Тойына ақша тапқысы келген": Ақмола облысында мал ұрлағандар ұсталды
Ақмолалық полицейлер мал ұрыларын ұстады, күдіктінің бірі алдағы болатын үйлену тойына ақша тапқысы келгенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Целиноград ауданының екі тұрғыны мал ұрлаған. Тергеу барысында ұсталғандардың екі дерекке қатысы бар екені дәлелденді, сондай-ақ, олардың Шортанды ауданының аумағында ұқсас қылмыстарға қатысы тексеріледі. Аудандық полицияға ұсақ малды ұрлау туралы өтініштер 6 желтоқсанда келіп түсті.
Жергілікті шаруа қожалықтарының бірінің иесі, Талапкер ауылының тұрғыны, белгісіз адамдар 20 бас ұсақ мал ұрлап, 1 миллион теңге шығын келтіргенін хабарлады. Екінші жәбірленуші, сол елді мекеннің тұрғыны, шабуылдаушылар жеке ауладан 5 бас ұсақ мал ұрлағанын айтты. Иесі залалды 300 мың теңгеге бағалады.
Екі дерек бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша соталды тергеу бастады.
"Мал ұрлығы" жедел алдын алу іс-шарасы аясында Целиноград ауданы мен астананың аумағында криминал полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін өткізді, нәтижесінде Қажымұқан ауылының екі тұрғыны анықталып ұсталды.
Тергеу іс-шаралары барысында ұсталғандардың елді мекенге, жалға алынған автокөлікпен келгені, малды ұрлап әкеткені, содан кейін сойғаны анықталды. Заттай дәлелдемелер ретінде ұрланған малдың терісі, сондай-ақ, ұсталғандардың сатуға үлгермеген үш тұтас еті тәркіленді. Осындай қылмыстық жолмен ұсталғандардың бірі, алдағы үйлену тойына ақша тапқысы келгені анықталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек