Тойға келетін қолжетімді шетелдік жұлдыздардың тізімі анықталды
Қазақстанда өтетін тойларға келетін қолжетімді шетелдік әншілердің тізімі белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Журналист Анна Данченко Руслан Ысқақтың туған күн кешінде асабадан қазақстандықтар арасында сұранысқа ие және жиі тойға келетін шетелдік әншілер туралы сұрады.
Руслан Ысқақтың айтуынша, елімізде ең көп сұранысқа ие әнші Валерий Меладзе екен. Одан кейінгі кезекте - Алексей Шумаков.
"Алексей Шумаковтың Қазақстанға көп келуінің себебі - бағасы халыққа ыңғайлы. Ретро топтардың да бағасы қолжетімді. Олар эконом класста да ұша береді. Ондай топтардың қатарында "Мираж", "Bad Boys Blue" бар. Олардың нарықтағы бағасы басқаларға қарағанда арзандау болғандықтан қазақтар тойға көп шақырады", - деді асаба.
Шоуменнің айтуынша, бұрын қазақ тойларында қымбат әншілер көп келетін. Қазір орта деңгейдегі әншілердің қатары көбейген.
"Тойларда Тиматиді көрмегенімізге өте көп болды. Оның орнына Jan Khalib-ті шақыра салу оңай, себебі ол Алматыда тұрады. Бірақ гонорары Тиматимен бірдей, басты айырмашылығы келіп-кету үшін ұшақ билетін алмайсыз", - деп той бизнестің сырын ашып берді асаба.
Журналист Анна Данченко асабаның "қолжетімді" деп атаған гонорарының сомасын анықтап сұрағанда, 10-15 мың евро (5-8 миллион теңге) екенін айтты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина