- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тойға барғанда қандай...
Тойға барғанда қандай тағамдарды жеуге болады? Дәрігер кеңес берді
Фото:
massaget.kz
Невролог және нутрициолог Ұлжалғас Сманова өзінің инстаграм парақшасында тойға барғанда жеуге болатын тағамдарды атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлжалғас Сманова тойға барғанда мына тағамдарды жеуге кеңес берді:
- Ет. Қазақтың ұлттық ет тағамының адам ағзасына пайдасы өте зор. Адамға күніне 60-80 грамм ақуыз тұтыну қажет;
- Қой, сиыр және жылқы етінің сорпасы;
- Құйрық-бауыр және қазы. Қойдың майында да, жылқының етінде де холестерин өте аз;
- Жеміс-жидектер және көкөністерде дәрумендер көп. Дәрумендер біздің ағзамызға өте қажет. Жеміс-жидектерді күнделікті өз мөлшерінде тұтынсақ, денсаулығымызға да едәуір пайдасы болады;
- Майонез, кетчуп қосылмаған салаттар.
Оқи отырыңыз: Еттен кейін газдалған сусын ішу дұрыс па?
А. Жапатова