- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тойға арнайы жасақ...
Тойға арнайы жасақ келген: Желіде Ақтау мейрамханасындағы жанжалдың видеосы тарады
Ақтауда мейрамхана маңындағы жанжал видеоға түсіп қалған. Видео әлеуметтік желіде тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.
Желі қолданушылары сөзінше, 30 шілдеге қараған түні автодром маңында, мейрамханалардың бірінің сыртында мекемеге келушілер мен полиция арасында жанжал шыққан. Тіпті оқиға барысында арнайы жасақ жауынгерлері де көмекке келген.
Ал өңірдің Полиция департаменті мәліметінше, кезекші пультіне Мұнайлы ауданындағы мейрамханалардың бірінде қыз көмек сұрап жатқаны туралы қоңырау түскен.
"Осы дерек бойынша 22 жастағы жігітке ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша хаттама толтырылды", - деді ведомство өкілі.
Айта кетейік, видеода бейәдеп сөздер бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова