• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Тойдан шығып, ережені өрескел бұзған: Шымкентте кортеж қатысушылары жазаланды

Тойдан шығып, ережені өрескел бұзған: Шымкентте кортеж қатысушылары жазаланды
Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Шымкентте жол ережесін бұзған кортеж қатысушылары жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Түнде қала көшелерінің бірінде көлік кортежі анықталған. Жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін бұзып, қарсы жолаққа шығып, тыйым салынған жерде артқа жүрген, кейбірі көлік терезесінен шығып тұрған жолаушыларды отырғызған.

"Көліктерге орнатылған жыпылықтайтын белгілер басқа жүргізушілерді жол беруге мәжбүрлеген. Кортеж қатысушылары досының тойынан шығып, мерекені жалғастырғаны белгілі болды", - деп жазылған хабарламада.

Құқықбұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде қарсы жолаққа шыққандар көлік басқару құқығынан айырылды.

Полиция жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget