Тойдан кейінгі отшашу: Астана тұрғыны 5 тәулікке қамалды

Тойдан кейінгі отшашу: Астана тұрғыны 5 тәулікке қамалды
Фото: ІІМ

Елорда тұрғыны отшашу атамын деп 5 тәулікке қамалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл жайт тұрғын үй кешендерінің маңында орналасқан мейрамхана маңында тіркелген.

32 жастағы ер адам салтанатты шара аяқталуын атап өту мақсатында отшашу ұйымдастырған. Алайда мерекелік фейерверк жақын маңдағы тұрғындардың тыныштығын бұзған.

"Ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот қаулысымен ер адам бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды", - деді Астана ПД өкілі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget