- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Тойдағы тамақтан ұшынған"....
"Тойдағы тамақтан ұшынған". Жетісу облысында 21 адам астан уланды
Жетісу облысының Қабанбай ауылында 21 адам астан уланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан" телеарнасына сілтеме жасап.
Оларға инфекциялық шығу тегі өзге және анықталмаған гастроэнторит және колит диагнозы қойылған. Мамандардың алдын ала зерттеу мәліметінше,науқастар үйлену тойында әзірленген тамақтан ұшынған. 11 адам аудандық ауруханада ем алуға жатқызылса, 10 адам үйіне қайтарылған.
Қазір олардың жағдайы тұрақты. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері сараптамалар алып, зертханаға жөнелтті. Олардың айтуынша, осы оқиғадан кейін басқа азаматтардан денсаулығына шағым түсірген жағдай тіркелмеген.
"Астың бір бөлігі мейрамханада дайындалған. Жартысы үй жағдайында дайындалған. Қазір лабороториялық зерттеулер жұмысы барысында толық ақпарат қорытындысы бойынша қосымша береміз", - деді Жетісу облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Самат Ахметов.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек