Тойда билеген күйеужолдастың видеосы Қазнетті тәнті етіп, миллиондаған қаралым жинады. Бұл жолы видеода кейіпкері күйеу жігіттің досы болды. Tengri Lifestyle үйлену тойдың мән-жайын білу үшін видео авторына хабарласты.
Жігіт бірер секундқа абдырап қалғанымен, кейін биге қосылып үлгергенін байқауға болады.
@dinka_moro Атырау свадьба ?? .Куда бала зажигает??. #атырау#свадьба#той#конкурсы ♬ оригинальный звук - user1894243208032
Видео аз уақыт ішінде бірнеше миллион қаралым, 247 мыңға жуық лайк пен 1200-ден аса пікір жинады.
"Мұндай адамдарды жақсы көремін", "Жақын досың үйленіп жатқанда", "Мұндай күйеужолдас үшін тіпті қызармайсың", "Абдырап қалмадың, жарайсың", "Неге осындай тойда әлі болмадым екен?", "Жарады, танцполды жарды", - деп жазған Желі қолданушылары.
Tengri Lifestyle тілшісі видеоның авторына хабарласты. Видеоны Динара Әбдірашова түсіргені белгілі болды. Ол Атырауда фотограф болып жұмыс істейді.
"Бұл видео менің құрбым Диананың үйлену тойында түсірілген. Оқиға Атыраудағы мейрамханалардың бірінде болды. Видеода тойда куәгер болған досы билеп жатыр. Оның есімі - Азамат. Ол - күйеу жігіттің досы. Бишілер арнайы Астанадан келген", - деді бойжеткен.
Азамат та, Динара да видеоның көп қаралым жинайтынын күтпеген.
"Мен Атырауданмын, бірақ қазір Алматыда тұрамын. Жасым 25-те, стартап компаниясында жұмыс істеймін. Менде TikTok жоқ, видео көп қаралым жинайды деп күткен жоқпын. Күн сайын біреулер видеодағы сен бе деп сұрайды"- дейді Азамат.
Динара бұл видеоны TikTok-тағы парақшасына жүктеп, аз уақытта сонша қаралым жинап жатқанына таңғалған.
"Мен мұндай бумды күтпедім. Видео Қазақстан тұрғындары арасында ғана емес, басқа елдер арасында да танымал болды", - дейді Динара.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!