Той үстінде өрт шығып, 22 адам қаза тапты

Конго Демократиялық Республикасының астанасы Киншасада үйлену тойы өтіп жатқан салтанат залында өрт шығып, 22 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Құрбандар санының көп болуына ғимаратта бір ғана тар шығаберіс себеп болған. Қою түтін мен дүрбелең кезінде адамдардың сыртқа шығуы қиындаған.

"5 қыркүйек таңындағы алдын ала мәлімет бойынша, 22 адам қаза тауып, зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді", - деді елорданың Лингвала коммунасының бургомистрі Норбер Мушига Нзиндула.

Оның айтуынша, өрттің нақты неден шыққаны әзірге белгісіз. Дегенмен алдын ала мәліметке қарағанда, адам шығынының көп болуына өрт басталғаннан кейін қонақтарды эвакуациялаудың қиындауы себеп болған. Залда сыртқа шығатын бір ғана есік болған. Оның үстіне, бұл есік те тар болған көрінеді. Ал қою түтін мен жаппай дүрбелең жағдайды одан әрі ушықтырған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз