"Той жасауға жалақымды жинадым". ШҚО-да түрмеде отырған ер адам үйленді

"Той жасауға жалақымды жинадым". ШҚО-да түрмеде отырған ер адам үйленді
Фото: Elitar.kz

ШҚО-да түрмеде отырған ер адам үйлену тойын жасады, - деп хабарлайды Elitar.kz

ҚАЖД мәліметінше, жас жұбайлар колонияда танысқан. Олар бір жылдан аса уақыт бойы кездескен. Биыл жыл басында қыз босап шыққан, ал жігіт әлі де жазасын өтеп жатыр.

Қыз оған жиі келіп тұрған, көп ұзамай олар үйленуді ұйғарған.

"Отбасын құру түрмеде отырғандарға оң әсер етеді. Бұл жолы бұрын сотталған қыз босатылғаннан кейін сүйіктісін тастап кетпей, қолдады. Жігіт те жұмыс істеп, ақша жинады. Көп ұзамай ол демалыс алып, үйлену тойын жасады", - деп атап өтті ҚАЖД қызметкері.

Жігіт той жасауға ақша жинағанын жеткізді.

"Оған сүйіспеншілігі, қолдауы мен шыдамы үшін қатты ризамын. Ол мені шабыттандырады. Жыл бойы басқалар сияқты үйлену той жасау үшін жалақымды жинадым. Қолымнан келді. Бұл - менің жаңа өмірім", - деді сотталған ер адам.

Ж. Қадыржанова