Төтенше жағдайлар министрі жаңадан тағайындалды

Төтенше жағдайлар министрі жаңадан тағайындалды

Шыңғыс Әрінов төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген президент жарлығында.

Білімі:

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультеті;

Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы, мамандығы «Құқықтану»;

Азаматтық авиация академиясы, мамандығы «Тасымалды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану».

Мансап:

2006-2022 жж. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кадрында әртүрлі офицерлік және басшы лауазымдардағы қызмет.

2022 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Президент күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды.

ІІ, ІІІ дәрежелі «Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін» медалімен және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне 25 жыл», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық  медальдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің атынан алғыс хаттармен марапатталған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан