- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Төтенше жағдайлар экс-вице-министрінің...
Төтенше жағдайлар экс-вице-министрінің жазасы өзгерді
5 жылға сотталған бұрынғы төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаевтың жазасы өзгертілді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2024 жылғы тамызда бұрынғы төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволық бағынысты мекемелерінің басшылығына құрылысқа әскери қызметкерлер мен арнайы техника тарту туралы заңсыз тапсырма беріп, өкілетін асыра пайдаланғаны белгілі болды.
Бұған дейін сот оны кінәлі деп танып, өмір бойына мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға тыйым салып, бес жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған.
2024 жылғы 25 қыркүйекте әскери соттың апелляциялық инстанциясы экс-вице-министрдің ісін қайта саралады. Әскери соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ибрагим Күлшімбаевқа қатысты бірінші инстанцияның үкімі өзгертілді: бұрын тағайындалған бес жыл бас бостандығынан айыру мерзімі үш жыл бас бостандығын шектеуге ауыстырылды.
Айта кетейік, 2023 жылғы 23 тамызда Үкімет қаулысымен Ибрагим Күлшімбаев өз өтініші бойынша Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі қызметінен босатылған еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан