- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Төтенше жағдай: Азаматтың...
Төтенше жағдай: Азаматтың құқығын қорғау үшін қайда жүгінуге болады?
Қазақстанда орын алған төтенше жағдайға байланысты белгілі бір азаматтардың құқығы бұзылса, Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасына жүгінуге болады. Бұл жайлы ҚР Бас прокуратурасы қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев мәлімдеді.
"Егер азаматтар елімізде орын алған оқиғаларға байланысты құқығымыз бұзылса деп санаса, біздің органға жүгіне алады. Колл-орталыққа хабарласуға болады әрі өңірлік прокуратура органдарының есігі әрдайым ашық. Әр факті бойынша тексеру жүргізіп, шара қолданамыз. Елде орнаған төтенше жағдайға азаматтардың түсіністікпен қарауын өтінеміз", - деді Серік Шалабаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
ҚР Бас Прокуратурасының колл-орталығының телефон нөмірі – 115.
Айта кеткен жөн, прокуратура органдарының мәліметінше, Қазақстанда төтенше жағдай кезінде моргке 225 адамның мәйіті жеткізілген. Бұл – алдын-ала мәлімет. Деректер әлі нақтыланып жатыр.
"Әрбір факт мұқият тексеріледі, нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі", - дейді прокуратура өкілі.
Сондай-ақ, жарақат алғандардың саны – 4353 адам. Оның ішінде 3393 құқық қорғау органдарының қызметкерлері.
Қ. Слямбек