АҚШ президенті Джо Байден Киевке жоспардан тыс сапармен барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі
УНИАН украиналық басылымға сілтеме жасап.
АҚШ президенті бұл сапарында Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. Бұл туралы Владимир Зеленский Facebook-парақшасында жазды.
"Киевке қош келдіңіз! Сіздің сапарыңыз - барлық украиналық үшін қолдаудың маңызды көрінісі", - деп жазған ол.
Желіде Джо Байденнің Киевтегі Михайловская алаңында Украина президенті Владимир Зеленскиймен бірге түсірілген кадрлар пайда болды.
Еске салайық, бұл - АҚШ президентінің соғыс басталғалы бері Украинаға алғашқы сапары.
АҚШ президенті Киевке 20-22 ақпанда Польшаға сапары аясында барған. Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік өкілі Джон Кирбидің айтуынша, Байден Польшаға сапары барысында ресейліктер мен президент Владимир Путинге жеке үндеу жолдамақ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!