- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Тосын сый". Серік...
"Тосын сый". Серік Ибрагимовтің жұбайы қуанышты жаңалығын бөлісті
Танымал әнші Серік Ибрагимовтің жұбайы Айнамкөз Әбдімаева әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айнамкөз Әбдімаева анасына 60 жас толуына орай ұйымдастырылған тойға тосын сый жасап, 15 жыл үзілістен кейін сахнаға оралып, би биледі.
"Тосын сый.
15 жыл үзілістен кейін сахнаға шығуым.
Жақындарымнан ешкім білген жоқ, жоспар құру үшін тек 2-3 адамға айттым.
Құрбыма рақмет, екеуіміз тығылып жүріп 3-4 рет 2 сағаттан кездесіп дайындыққа барып жүрдік.
Жалпы көбі таңғалды, өйткені "биші" болғанымды естігенімен, өмірде билегенімді көрмеген, тіпті жолдасым Ибрагимов Серік рет көріп тұр билегенімді.
Тосын сый сәтті өтті, анам жылап қалды", - деп жазды ол.
View this post on Instagram
Тағы да оқи отырыңыздар: Грантқа өткендердің тізімі қашан шығады?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә