“Тосын шешім болды“: Қамшыбек Тәшиев қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді

Әлеуметтік желілерде Қырғызстан МҰҚК бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиевтің атынан жазылған мәлімдеме тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап.

Өз үндеуінде Қамшыбек Тәшиев бұған дейін жасалған отадан кейін денсаулығын тексерту үшін президенттің рұқсатымен шетелге кеткенін айтқан. Ол қызметінен босату туралы хабар тосын шешім болғанын мәлімдеген. Десе де Қамшыбек Тәшиев кез келген жағдайда президенттің шеімішін орындау қажет екенін жеткізген.

"Мемлекетімізге, халқымызға және президентімізге адал қызмет еттім, оны мақтан тұтамын. Жалғыз өкінетін нәрсем - жеке құраммен қоштасуға мүмкіндік берілмегені. МҰҚК-нің әрбір қызметкеріне алғысымды білдіремін және табыс тілеймін", - деп жазылған жазбада.

24.kg 

Еске салайық, бұған дейін Қамшыбек Тәшиев Қырғызстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары әрі Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылғаны хабарланды. Қамшыбек Тәшиев Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне 2020 жылғы 16 қазанда тағайындалған. 

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қамшыбек Тәшиевті неліктен қызметінен босатқанын түсіндірді.

Қырғызстан МҰҚК-нің бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиев Еуропада емделіп жатқаны да белгілі болды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!