- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тосын жеміс. Дәрігер...
Тосын жеміс. Дәрігер жүрек қан тамырларына оң әсер беретін өнімді атады
Гастроэнтеролог Азамат Ғабуев news102.ru сайтына берген сұхбатында банан жүрек денсаулығына пайдалы болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Дәрігер бір бананның құрамында күнделікті қажетті калийдің 9 пайызы жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысына оң әсер ететінін атап өтті. Маман банандарды жеу қан қысымын қалыпқа келтіруге көмектесетініне сенімді. Сонымен қатар, бұл жемістер көмірсулардың көп болуына байланысты денені энергиямен қамтамасыз ете алады.
Алайда дәрігер жүрек жүйесіне үлкен жүктеме түсірмеу үшін аш қарынға банан жеуге болмайтынын ескертті.
" Көбінесе бананды десертке қалдырып, аз-аздан жеп көп тұтынбау керек. Қант диабетімен ауыратындар бұл жемістен абай болу керек. Себебі бананның құрамында көмірсулар көп болғандықтан, оны талшыққа, С дәруменіне және калийге бай грейпфрутпен немесе алмамен ауыстырған дұрыс", - гастроэнтеролог Азамат Ғабуев.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Зинешов