- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тосын жайт: ер...
Тосын жайт: ер адам отбасы мен екі баласын ойдан құрап алған
Фото:
depositphotos.com
Ресейдің Нижневартовск қаласында сот айыппұл төлетіп, елден кетуге міндеттеген қырғызстандық отбасы мен екі баласын ойдан құрап, жалған айтқан. Бұл туралы Нижневартовск қалалық сотының сайтында хабарланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.
Елде қалу мерзімі аяқталғаннан кейін Ресей Федерациясында қалып қалған ер адам онда тұратын екі баласы - Ресей азаматтары екенін айтқан. Заңсыз иммигранттың айтуынша, олардың бірі - жаңа туған нәресте.
Нижневартовск соты қырғызстандықтың шын мәнінде қызы бар екенін, бірақ ол әкесімен қарым-қатынаста емес екенін анықтады. Ер адам жаңа туған нәрестенің барын дәлелдей алмады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек