Жамбыл облысында әйел зейнетақы төлемі тоқтатылғаннан кейін қайтыс болды деп танылғанын білген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Талап қоюшының анасы (1953 жылы туған) 2024 жылы тамызда әпкесімен бірге Тараз қаласына тұруға кетіп, 2025 жылы Құрбан айт мерекесінен кейін жоғалып кеткен.
Жоғалған әйелдің әпкесі бұл туралы полицияға хабарлаған. 2025 жылы тамызда ауылдағы өрістен адамның сүйегі табылып, қылмыстық іс қозғалған. Талап қоюшы табылған сүйекті жоғалған адамның сүйегі деп таныған. Осылайша оның қайтыс болғаны туралы жазба тіркеліп, куәлік берілген.
Алайда 2025 жылы қыркүйекте талап қоюшының анасы Жамбыл ауданы Қостөбе ауылындағы ағасының үйіне келген. Кейін Жамбыл аудандық соты табылған сүйек басқа адамның сүйегі екенін анықтаған.
Полиция сүйекке эксгумация жасап, қайта сот-медициналық, генетикалық сараптама тағайындаған. Қайтыс болған адам кім екені анықталып, қылмыстық іс тоқтатылған.
Сотта А. Құрбан айт мерекесінен кейін Айша бибі ауылына барып, пияз жинауға жұмысқа орналасқанын айтқан. Зейнетақысы тоқтатылғаннан кейін ақпаратты нақтылау үшін Таразға келіп, қайтыс болды деп танылғанын білген.
Жамбыл аудандық сотының шешімімен қайтыс болу туралы куәлік жарамсыз деп танылды, ал акт жазбасы жойылды. Шешім заңды күшіне енді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!