- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тосол немесе антифриз....
Тосол немесе антифриз. Қыста көлікке қайсысын құйған дұрыс?
Тәжірибесі аз автокөлік иелері антифриз бен тосолдің айырмашылығы неде екенін білмейді. Massaget.kz тілшісі салқындатқыш сұйықтықтардың айырмашылығын біліп көрді.
Тосол – ішкі жану қозғалтқышына арналған концентрацияланған салқындатқыш сұйықтық. Ол 1970 жылдары Еділ автомобиль зауытының (ВАЗ) көліктері үшін ойлап табылған.
Енді тосолде де антифриз екені түсінікті. Тек шығару процесінде айырмашылық бар. Тосол мен антифриз айырмашылығы бейорганикалық қышқылдардың тұз қоспаларының мөлшеріне байланысты. Ал тосолге қарама-қарсы импортталған антифриздер органикалық қышқылдардың тұздарына негізделген қоспаларды пайдаланады.
Антифризді таңдаңыз
Антифриз - концентрацияланған салқындатқыш. Оны бүкіл әлемдегі машина иелері қолданады. Сондықтан нарықта осы сұйықтықтың брендтерінің үлкен таңдауы бар.
Антифриздер әртүрлі автомобиль модельдеріне арналған қоспалардың құрамымен ерекшеленеді. Сондықтан, сатып алмас бұрын, өнімнің автомобиль маркасына сәйкес келетіндігін жапсырмадағы нұсқамалардан мұқият қарап шығыңыз.
Жаңа антифризді құймас бұрын, ескі қалдықты толық ағызып жіберіңіз. Радиаторды және толық жүйені ыстық сумен жақсылап шайыңыз. Егер бұл әрекетті жасамасаңыз ескі мен жаңа антифриз әрекеттесіп ақыры коррозияға әкеледі. Тағы бір ескеретін жайт өнімді суып тұрған қозғалтқышқа құйған жөн.
Өнімнің негізі улы, денеге зиян. Сондықтан өндірушілер оның уыттылығын ашық түске бояйды. Бұл жағдайда бояғыштар антифриздің сипаттамаларына әсер етпейді. Ашық түстің арқасында ағып кетуді аңғару оңайырақ. Ал егер өнімнің түсі өзгерсе, бұл оны ауыстыру керек деген сигнал.
Ең дұрыс шешім қыста көлігіңізге антифриз құйған дұрыс. Алайда қысқа көлікті дайындау кезде сұйық маймен қоса салқындатқыш сұйықтықты да жаңарту тиімді. Көлігіңіз жақсы қызмет көрсетсін десеңіз темір тұлпарыңызды аязға алдын ала дайындаңыз.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Зинешов