Төсек жаймасын қанша күн сайын ауыстыру керек? Дәрігер түсіндірді

Төсек жаймасын қанша күн сайын ауыстыру керек? Дәрігер түсіндірді
Фото: pixabay

Төсек жаймасын аптасына кемінде бір рет ауыстырған дұрыс. Ал кей жағдайда оны бұдан да жиі ауыстыру қажет. Бұл туралы терапевт Дарья Богомолова "Лента.ру" басылымына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігердің сөзінше, адам ұйықтаған кезде төсек жаймасына тер, тері майы мен түлеген тері жасушалары біртіндеп жиналады. Мұндай ортада шаң кенелері көбейіп, олардың тіршілік әрекетінен бөлінетін қалдықтар аллергия тудыруы мүмкін.

"Көпшілік үшін төсек жаймасын аптасына бір рет ауыстыру жеткілікті. Өйткені ұйқы кезінде матаға тер, тері майы мен өлі тері жасушалары жиналып, шаң кенелерінің көбеюіне қолайлы жағдай жасалады. Ал бұл кенелер аллергиялық реакция туғызуы мүмкін", – деп түсіндірді маман.

Дәрігердің айтуынша, аллергиясы, бронх демікпесі немесе атопиялық дерматиті бар адамдар төсек жаймасын жиірек ауыстырғаны жөн. Себебі шаң кенелері бұл аурулардың белгілерін күшейтуі мүмкін.

Сондай-ақ, ауырып жүргенде, қатты терлегенде немесе үйдің ауасы ылғалды болғанда төсек жабдықтарын жиі ауыстыру ұсынылады.

Үй жануарларымен бірге ұйықтайтын адамдар да тазалыққа ерекше мән бергені дұрыс. Өйткені төсекке жануарлардың жүні, терісінің ұсақ бөлшектері мен сілекейі жиналуы мүмкін.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget