Әнші Аиша Instagram-дағы парақшасында қазақша өлең оқыған видеосын жариялап, желі қолданушыларын тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеодан әншінің өзге елде, жағажайда жүргенін көруге болады.
"Бүгін қазақ тілінде өлең оқудың оңай емес екеніне көзім жетті. Бәрі әлдеқайда оңайырақ деп ойлаған едім. Енді мәнерлеп өлең оқудың өзі өнер екенін түсіндім. Әр тілдің тыңдап үйренуіміз керек өз ерекшелігі бар. Шыдап-баққан күйеуіме рақмет. Мінсіз оқи алмағаным үшін кешірім өтінемін", - деп жазды Аиша.
Желі қолданушылары әншінің бұл өнерін жоғары бағалап, жылы тілектерін жазып жатыр.
"Керемет", "Күшті, бірте-бірте одан да күшті болады," "Даусыңыз құлаққа жағымды, тағы да күтеміз. Ең бастысы - қазақша сөйлеуге деген ниет", "Келін ененің топырағынан деп бекер айтпаған екен ата-бабаларымыз, Аиша енесіне ұқсап, өлең оқығаны өте әсерлі, керемет көрініс", "Үлгі тұтар отбасы" деп жазып жатыр олар.
Еске салайық, бұған дейін танымал әнші Бүркіт әйеліне жиі сыйлық жасайтынын, жақында ұшақ әперетінін айтқан еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!