- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Төрт университет Қонаев...
Төрт университет Қонаев қаласына көшіріледі
Төрт жоғары оқу орны Қонаевқа көшіріледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
31 тамызда Қонаев қаласында Алматы облысының әкімдігі, ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрлігі, "Qonayev Academic Campus" Fund" комерциялық емес ұйымы басшылықтарының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен "Өзара ынтымақтастық туралы" үшжақты меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Құжатқа облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев, министр Саясат Нұрбек және Қордың директоры Ж.Рахмани қол қойды.
Бұл уағдаластыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қонаев қаласында "Қонаев академиялық қалашығын" салу жөніндегі берген тапсырмасын орындау мақсатында қол жеткізіліп отыр.
Келісім шеңберінде Қалашық аумағына 2023-2024 жылдарда толық инфрақұрылым жүргізу, халықаралық ұйымдар мен инвестициялық қорлардан қаржылар тарту арқылы 2024-2027 жылдар аралығында еліміздің төрт университетін көшіру (1-кезеңде) және шетелдік төрт университетті ашу (2-кезеңде), ғылыми-зерттеу орталықтары мен зертханалар, жатақханалар мен қонақ-үйлер салу, жұмыстары атқарылатын болады.
Қалашыққа 100га жуық жер телімі беріліп, Қонаев қаласының бас жоспарына енгізілген.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина