Полиция қызметкеріне қарсылық танытқан көлік жүргізушісі қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 қарашада сағат 11:45 шамасында Атырау-Орал тасжолының 183 шақырымында DALMLERCHR SLER көлігі жылдамдық асырғаны анықталған. Алайда көлік жүргізушісі патрульдік полиция инспекторларының заңды талабына бағынбай, нәтижесінде Индербор кентінде қызметтік көліктер алдын бөгеген соң тоқтаған.
Көлік тоқтаған соң жүргізуші қашып құтылмақ болып патрульдік полиция инспекторының оң аяғын басып кетіп, жол бойындағы бірнеше автокөлікке апат жағдайын тудырған. Инспектор заңды талапқа бағынбаған жүргізуші көлігінің дөңгелегіне екі мәрте және ескерту мақсатында аспанға екі реттен оқ атқан.
"Бұл көлік тасжол бойынан тоқтатылып, жүргізуші ұсталды. 1989 жылы туған жүргізуші медициналық сараптамадан өткізіліп, мас күйде емес екені анықталды. Ол көліктің өзінікі емес екенін айтып ақталған. Жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 592-бабы 2 бөлігімен, 601-бабы 1 бөлігімен, 606-бабы 1 бөлігімен, 613-бабы 1 бөлігімен хаттама толтырылды. Сондай-ақ, ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы 3 бөлігімен, яғни билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері бойынша қылмыстық іс тіркеліп, күдікті қамауға алынды", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!