Төрт өңірде деструктивті діни ағымның жақтаушылары ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҰҚК мәліметінше, Қазақстанның 5 азаматы мен 1 шетелдік ұсталған.
Олар Алматы қаласында, Қарағанды, Түркістан, Ұлытау облыстарында ұсталды. Олар өшпенділік пен зорлық-зомбылық идеологиясын әлеуметтік желілер және басқа да жолдармен таратты деген күдікке ілінді.
Заттай дәлелдемелер табылды және алынды, оның ішінде 3 ұрыс гранатасы бар. Күдіктілердің екеуі бұған дейін тонау және ұрлық үшін сотталған.
Ұсталған адамдарға қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге болмайды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!