- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Төрт көлік соқтығысты"....
"Төрт көлік соқтығысты". Жантүршігерлік жол апатынан жедел жәрдем қызметкері көз жұмды
Атырау облысында Доссор-Бейнеу бағытындағы жолда төрт көлік соқтығысып, салдарынан жедел жәрдем қызметкері көз жұмды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Доссор-Бейнеу тас жолының 74-шақырымы тұсында төрт автокөліктің қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді. 1995 жылғы жүргізуші Газель автокөлігімен жедел жәрдем бригадасының көлігіне соқтығысқан. Ал, 31 жастағы жүргізуші IVECO автокөлігімен Rolfo Sirio автокөлігі соқтығысқан.
Қазіргі таңда тиісті іс-құжаттар жинақталып жатыр.
1Газель автокөлігінің 1995 ж.т. жүргізушісі бұған дейін ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 2,3 бөлігі, 590-бабының 5-бөлігі бойынша, ал жедел-жәрдем көлігінің 1997 ж.т. жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі, 594-бабының 1-бөлігі және 593-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған1, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы