БАӘ-де төрт жасар бала әлемдегі ең жас жазушы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Балақай Гиннестің рекордтар кітабына да енді. Ол мың данадан аса басылыммен жарияланған әрі сатылған ертегі жазған.
Мейірімділік пен достық туралы кітап жазуға оның үлкен әпкесі шабыттандырған. Ол да рекорд жаңартқан. Өйткені сегіз жасында ол екі тілде кітап шығарған әлемдегі ең жас жазушы болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!