- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- жүгіру қауымдастығы
Төрт ел, бір мақсат: Алматыда TAN жүгіру қауымдастығы құрылады

Түркі елдерінде ұзақ қашықтыққа жүгіру қауымдастығы құрылды. Сериялы марафонға қатысып, финишқа жеткен қатысушы Қазақстанда, Әзербайжанда, Қырғызстанда және Өзбекстанда халықаралық жарыстың жүгірушісі атағы мен бірегей медаль иесі атанады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматыда бес ірі жарысты ұйымдастырушылар Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы алғашқы жүгіру қауымдастығы - Turkic Alliance of Long Run (TAN) құрылғанын хабарлады. TAN төрт елден келген марафоншыларды түркі мәдениетіне және өңірлік жүгіру қауымдастығын дамыту үшін түркі әлемін бір ортаға біріктіреді. Халықаралық жарысқа 45 мыңнан астам желаяқ қатысады.
Түркі елдеріне TAN жүгіру сериясы не үшін қажет?
"TAN - бұл байланыстарды нығайту және біздің ортақ тамырымызға деген құрмет пен бізді біріктіретін спорт. TAN қамқорлығымен Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Әзербайжан марафондарының бірігуі елдерімізге жаңа мүмкіндіктер ашады: спорттық туризмді дамыту, халықаралық қатысушыларды тарту және жарыстарды ұйымдастыру деңгейін арттыру. Бұл жоба біздің марафондарымызды жаңа деңгейге көтереді, өңірлердің экономикалық дамуына, көрікті жерлерді танымал етуге және халықтар арасындағы достықты нығайтуға үлес қосады", - деп түсіндірді "Бірінші болу - батылдық" КҚ қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есенов.
Ғалымжан Есенов. Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сәриев
Ол TAN жобасы бүкіл спорттық жүгіру қауымдастығы арасында жаңа кезең болатынына сенімді.
"Мен бұл бастама нағыз серпіліс болатынына шын жүректен сенемін. Бүгін біз TAN құрамыз, ертең бүкіл әлем біз туралы айтады", - деді Ғалымжан Есенов.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сәриев
Almaty Marathon директоры Салтанат Қазыбаева TAN миссиясы - жүгіру іс-шараларының имиджін жақсарту және жаңа биіктерге ынталандыру екенін атап өтті.
"World Marathon Majors деген бар. Ол әлемдегі ең үлкен алты марафонды біріктіретін кәсіпқойлар мен әуесқойларға арналған негізгі марафон сериясы. Көптеген жүгірушілер соңында бір медаль алу үшін бүкіл сериядан өтуге тырысады. Біз сол бағытта дамуды ұйғардық, бірақ тарихқа, мәдениетке және дәстүрге бет бұра отырып, біздің өңірдің жүгірулеріне баса назар аударуды шештік.
Біздің өңірде қазірдің өзінде жоғары деңгейдегі марафондар өтіп жатыр және олардың барлығының түркітілдес тамыры бар. Сондықтан біз марафондарды біріктіретін және туризмді дамытудың, ұлттық мұраны ілгерілету мен халықтар арасындағы байланыстарды нығайтудың қуатты құралы болатын TAN альянсын құру идеясына келдік.
Серияларда мәреге жеткендер TAN бірыңғай медалін алады. Бұл тек спорттық жетістіктің ғана емес, сонымен қатар түркі тілдес халықтардың дәстүрлері мен тарихын терең танудың символы болмақ. Бұл жүгірушілер үшін өздерін сынауға, ой-өрісін кеңейтуге, қонақжайлылықтың бірегей атмосферасына енуге және өздері үшін жаңа мәдениеттерді ашуға тамаша мүмкіндік", - деді Салтанат Қазыбаева.
Салтанат Қазыбаева. Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сәриев
TAN жүгіру сериясына қандай старттар кіреді?
Бірінші өңірлік жүгіру сериясы қатысушыларға Әзербайжанда, Қазақстанда, Қырғызстанда және Өзбекстанда бес жарыстан өтуді ұсынады. Барлық TAN жарыстарынан өткеннен кейін жүгіруші бірегей мәре медалін алады.
Салтанат Қазыбаева. Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сәриев
Baku Marathon
Жартылай марафон Әзербайжан астанасында 2025 жылдың мамыр айында өтеді және "Желді жең" ұранымен 18 мыңнан астам жүгірушіні жинайды.
"Мен TAN қолдауымен жергілікті жүгірушілердің дайындығы мен қатысу деңгейі айтарлықтай артатынына сенімдімін, өйткені енді олар өңірдің үздік спортшыларымен бәсекелесуге тұрақты мүмкіндік алады", - деді Sport Marketing Group бас директоры Аяз Ахмедов.
Bishkek Snow Leopard Run
Жарыс 2025 жылдың 21 қыркүйегінде Бішкекте өтеді. Nomad Sport бас директоры Арслан Малдыбаевтың айтуынша, Bishkek Snow Leopard Run - бұл бірегей атмосферасы бар жарқын қайырымдылық бастама, онда қатысушылар спорттық іс-шарадан да көп нәрсе жасайды. Жыл сайын Қырғызстанның басты жарысы 20 елден 4,5 мыңнан астам адамды жинайды және қар барыстары мен осал таулы экожүйелерді сақтау үшін бірігуге шақырады.
Almaty Marathon
Марафон 2025 жылдың 28 қыркүйегінде Алматыда өтеді. Орталық Азияның ең ірі старты жүгірушілерге ұзақ көтерілу мен тік түсу бойынша қызықты жарыс ұсынады. Халықаралық іс-шараға әлемнің 60-тан астам елінен 15,6 мың жүгіруші жиналады. Almaty Marathon 2025-ке тіркелу қазірдің өзінде ашық.
Turkistan Marathon
Қазақстанның рухани орталығында марафон 2025 жылғы 26 қазанда өтеді. Соңғы Түркістан марафонына әлемнің 21 елінен 3 мың жүгіруші жиналды. Іс-шара салауатты өмір салтын насихаттайды және жергілікті экономикаға оң әсер етеді.
Samarkand Marathon
Халықаралық қайырымдылық жарысы Самарқандта (Өзбекстан) 2025 жылдың қараша айында өтеді. Жарыс сериясының кураторы Мирхан Сағитовтың айтуынша, Өзбекстанның бірегей мәдени мұрасы мен көркем маршруттары TAN сериясына ерекше атмосфера мен аймақтың бай тарихымен танысуға мүмкіндік береді.
Almaty Marathon - Алматыда 2012 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Орталық Азиядағы ең ірі марафон. Үш мың қатысушыдан бастаған ол 2023 жылы 60 елден 15 мыңнан астам жүгірушіні қатарына қосып, тез арада халықаралық мәртебеге ие болды. Жарыс Халықаралық марафондар мен жүгірулер қауымдастығымен (AIMS) сертификатталған, 3-тен 42 шақырымға дейінгі қашықтықты қамтиды және қаражат қайырымдылыққа жұмсалады.
2024 жылы 29 қыркүйекте Almaty Marathon 13-ші рет өтті. Әлемнің 58 елінен 15 600 жүгіруші қаланың көрікті жерлері арқылы өтетін тасжолмен жүгіріп, жарысқа түсті.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова