Төрт баласын қорлаған астаналық ата-ана құқығынан айырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Сотта физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық, балалар қорланған туралы туралы ер адамның жұбайы, яғни зардап шеккен балалардың анасы мәлімдеді. Әйел полицияға бірнеше рет көмек сұрап жүгінгенін жеткізді. Астана қаласының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мәліметінше, ер адам тіпті әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Балаларға жасалған қатыгездікті психолог пен медициналық сарапшы, сот отырысында балалардың өздері және куәгерлер растаған. Сот шешімімен талап толық көлемде қанағаттандырылған. Сот сотталушыны ата-ана құқығынан айырды. Шешім заңды күшіне енді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!