“Төрт әйелі, аспазы бар“. Желіде Астана бас имамының “үйінің“ видеосы тарады

“Төрт әйелі, аспазы бар“. Желіде Астана бас имамының “үйінің“ видеосы тарады
Фото: Коллаж: Massaget.kz/Томирис Есқали

Желіде Астананың бас имамының "үйі" көрсетілген видео қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Онда бейтаныс ер адам бұл үйге аспазды алып келгенін айтып, зәулім сарай Астананың бас имамына тиесілі екенін айтқан.

"Мен мынаны басында мешіт екен деп қалыппын. Сөйтсем, мынау Астананың бас имамының үйі екен, мешіт сияқты, дәәәу ғой, сұмдық. Ал енді садақа беріңдер. Әр жұма сайын салған садақаларың, міне, қайда кетіп жатыр? (...) Не деген сарай мынау! Төрт әйелі бар дейді тағы. Жаңа осы үйдің аспазын алып келдім. Аспазы бар тағы. Сендердің садақаларыңмен жалақысын төлейді. Қалай Алладан қорықпайды. Ар жақтағы аумағын көрсең, 1 гектар жерді қоршап алған ғой", - дейді бейтаныс ер адам.

@information1913

♬ оригинальный звук - Informator2025

Астананың бас имамы Ербол Жүсіпов желіде тараған ақпаратқа қатысты өзі түсінік берді.

"Ассалаумағалейкүм! Құрметті бауырлар! Қадірлі мұсылман жамағат! Қазір әлеуметтік желіде Ислам дініне және діннің айналасында жүрген азаматтарға күйе жағу мәселесі белең алды. Ондай адамдар тым шектен шықты деп айтуға болады. Ең әуелі Алла оларға хидаят берсін дейміз. Фейсбук, тикток әлеуметтік желісінде белгісіз бір азамат жалған аккаунт арқылы "Мынау тұрған зәулім үй Астана қаласының бас имамының үйі" деген мазмұнда видео бөліскен. Бұл мүлдем шындыққа жанаспайтын өтірік ақпарат екендігін қаперлеріңізге саламын. Алла елшісі: "Сендердің араларыңдағы Алла Тағалаға ең жек көрініштілерің өсек таратып, адамдар арасына іріткі салып, алауыздыққа апаратындарың" деген. Ардақты мұсылман қауым, арандатушылардың өсек-аяңынан баршамызды сақтасын", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Осылайша, Астананың бас имамы видеодағы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лес
Logotype Massaget