- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Төрт ақтөбелік жұртты...
Төрт ақтөбелік жұртты митинг өткізуге шақырғаны үшін жазаланды
Қала маңындағы ауылдың бірінде тұратын азаматтық белсенді Ахмет Сәрсенғалиев сәуірде Instagram-парақшасында 1 мамыр күні Тұңғыш Президент саябағында митинг өткізуге шақырған жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Ол әкімдікке митинг өткізу туралы хабарлама жібермеген. Осыған сүйене отырып, оның әрекеті бейбіт жиындарды өткізу тәртібі туралы заңнаманы бұзу деп танылды.
Белсенді бұл әрекетті мойындамады. Ол өзіне қарсы саяси қастандық ұйымдастырылғанын айтты. Ал митинг саяси тақырыпта өтуі керек еді. Сот оны әкімшілік құқық бұзғаны үшін кінәлі деп танып, төрт тәулікке қамауға алу жазасын тағайындады.
Дәл осындай әрекеті үшін белсенді Айнагүл Түбетова да жазаланды. Ол Facebook-те 1 мамырда жоспардан тыс бейбіт кездесуге келуге үндеу жариялады. Бұл әрекетімен ол да құқық бұзып тұр. Сот оның кәмелетке толмаған екі баласын тәрбиелеп отырғанын ескеріп, қамауға алмай, 241 мың теңге айыппұл салды.
"Азаттық радиосының" мәліметінше, сот тағы екі белсенді Альмир Куватов пен Бауыржан Маратұлына 172 500 теңге айыппұл салған. Ешқайсысы да кінәсін мойындамады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек