Төрт адам террористік қылмыс жасады деген күдікпен елге жеткізілді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен бірлесіп, іздеуде жүрген Қазақстан азаматтарын елге қайтару операциясын жүзеге асырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

7 және 12 мамырда шет елдерден ҰҚК арнайы жасағының конвойымен террористік қылмыс жасады деген күдікпен төрт адам жеткізілді.

"Олар ұзақ уақыт бойы шетелде жасырынып жүрген, ҰҚК бағдары бойынша ұсталды. Оларға қатысты тиісті қылмыстық істер бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!