- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Төреш өзі ұсыныс...
"Төреш өзі ұсыныс айтты, мен оны бір жыл күттім". Диана Исмаил Төреғалимен қалай байланысқанын айтты
Хит болған "Уәде қайда" әнінің авторы әрі Төреғали Төреәлімен дуэт орындаған Диана Исмаил "Late night show with Dinara Satzhan" бағдарламасында әннің пайда болуы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Негізі бұл әнді Төрешпен айтамын деп ойламадым. Өзім орындаймын деп жазып бастағанмын. Бір күні анама қарадым да студенттік кездегі жігіттерін есіне алып, әкеммен әзілдесіп отырғанын байқап қалдым. Сол сәтте "анда апарам дегенің қайда, мында апарам дегенің қайда?" деген тұсы ойыма оралды", - дейді әннің авторы.
Диана Исмаил өмірде үйленбей тұрып жігіттердің көп уәде беретінін, кейін үйленгеннен кейін өзгеріп шыға келетінін де басып айтып, Төреғали Төреәлінің де соңынан "Уәде қайда?" деп біраз жүргенін жасырмады.
"Уәде қайда" әнін жаздыру үшін студияға барғанда Төреш те сол студияға келген екен.
"Төреш менен "Мынау қандай ән?" сұрады, сосын "Диана, мұны дуэт етіп жазсақ қалай болады?" деген ұсыныс айтты. Содан кейін жоқ болып кетті. Сол айтқаннан кейін хабарласпады. Мен ол кісіні бір жыл күттім. "Уәде қайда?" деп өзім хабарластым. Сіз менімен өлең айтамын деп едіңіз ғой. Мен шығарайын енді бұл әнді. "Босқа жата бере ме?" деп соңынан жүрдім. Сөйтіп, әнді жазып, бейнеклип түсірдік", - дейді Диана Исмаил.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева