Әнші Төреғали Төреәлінің жары Толқын Тұрарбек Instagram-парақшасында жұбайына арнап өлең шығарды. Ол әншінің жаңа клипі шыққанын жазған, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"Менің білімпаздығыма тәнті болған Төрем. Келесі өлең жолдарын кешегі постыңызға жауап ретінде жазып едім.
Толқын өлең жазған кезде күлмейік,
Төремнің бар тағылымы тым биік.
Домбырасы тағы сырлар шертіпті
Жаңалығын айтайыншы бір жиып.
Заманауи дейді дүние жасадық,
Көріп шықтым жанарыма жас алып.
Жаңа бағыт, жаңа стиль, жаңа ән
Төрем қайда бара жатсыз жасарып?!" - деп жазды ол.
Еске салайық, бұған дейін Төреғали Төреәлі әйелін төртінші дипломын алуымен ерекше құттықтағаны болатын. Толқын Тұрарбек отандық оқу орнында психология мамандығы бойынша білім алған.