Төреғали Төреәлінің қарындасы, "Тәтті қыз" атымен танымал болған блогер Дина Төреәліге тосынсый жасап, күйеуін ашуландырған жанның кім екені белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дина Төреәлінің үйіне белгісіз біреуден 1001 гүл келіп, Төрештің күйеу баласы Ерманби әйеліне қатты ашуланып еді. "Тәтті қыздың" өзі де "Отбасы бар адамға бұндай пранк жасап керек емес шығар" деп кейіген болатын. Бүгін Төреғали Төреәлінің қарындасы гүл жіберген белгісіз жанмен кездесті. Ол блогер, психолог, кәсіпкер Айя Әжібек екен.
Дина Төреәліге сағат он екіде арнайы мерседес жіберіп, мейрамханаға кездесуге шақырған құрбысы көптен бері кездесе алмай жүргендіктен осындай тосынсый жасағысы келгенін айтты.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз