Әнші Төреғали Төреәлінің кіші қарындасы Дина Төреәлі бірнеше ай бұрын ана атанған болатын. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында ұлының есімін жария етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жаңа түскен сәбиімен бірге сурет те жариялады.
"Еркінбек Ерманби Ернарұлы", - деп жазды әншінің қарындасы.
Желі қолданушылары жаңа туған сәбидің есімінің ерекше екенін жазып жатыр. "Нағашысы - ТТТ, өзі - ЕЕЕ", "Бауы берік болсын", "Өмір жасы ұзақ болсын", "Есімі ерекше екен" деп жазды оқырмандар.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!