- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Төреғали Төреәлінің қарындасы...
Төреғали Төреәлінің қарындасы мен күйеу баласы африкалықтарға құдық салып берді
Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі мен күйеу баласы Дархан Нортаев африкалықтарға құдық салып берді. Бұл жайлы Дархан әлеуметтік желіде жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, Меккеде осындай ізгі бастама туралы ой туындаған.
"Бала кезімде әкеммен бірге National Geographic каналын жиі көретінмін. Сол кезде Африканың табиғатына қызығып және сол жақтағы халыққа көмектескім келетін. Есейген сайын оның бәрі ұмытылып кетті. 4 ай бұрын Меккеге барғанда Алла белгі бергендей құдық жайлы телефонда видео шықты, маған арманымды еске түсіргендей болды. Сол сәтте құдық салып берейік деп шештік. Ал бүгінгі таңда аманатымыз толық жұмысын атқарып, адамдарға таза сумен сусындатып жатыр", - деп жазған ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Әлеуметтік желі қолданушылары ізгі амалға жылы лебіздерін жазған.
"Сауабы мәңгі болсын, құдық қаздырғандарға әр тамшысымен сауаптар жазылады дейді, Фариза екеуің Алланың құрметтілерінен болыңдар", "Әр тамшысы сіздерге сауап болып жазуды нәсіп етсін", "Қабыл болсын ниеттерің", - деп жазған Желідегілер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова