- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Төреғали Төреәлінің қарындасы...
Төреғали Төреәлінің қарындасы күйеуіне қымбат сый жасау үшін қарызданғанын да жасырмады
Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі күйеуіне қымбат сағат сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол өзінің instagram парақшасына жариялады.
"Дүние есігін ашқан күніңіз құтты болсын. Сіз менің әлемім, сіз менің өмірімнің мәні, менің барымсыз. Сізбен өткізген әрбір күн, әрбір сәт, әрбір минут бағалы, бақытқа толы! Раббым екеумізге салихалы ұрпақ нәсіп етсін, біздің басты миссиямыз - осы. Бойыңыздағы адалдық, тазалық, адамгершілік, кең пейіл, иман үшін жақсылықтың бәрі нәсіп болсын. Алла разылығы үшін шын жүрегіммен сүйемін",- деп жазды Фариза Төреәлі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бағалы сыйлықты алуға көп ойланған. Тіпті құны 7 миллион тұратын қол сағатын алу үшін сіңлісі Дина Төреәліден 5 миллион теңге қарыз алғанын да жасырмады.
© instagram.com/farizatoreali
Желі қолданушылары туған күн иесін құттықтап, түрлі пікір қалдырды.
"Бақытты болыңдар", "Керемет, бақытты болыңыздар", "Мәә, туған күні құтты болсын", "7 миллионға сағат, бақытты екенсіңдер", "Құтты болсын", - деп жазды олар.
Айта кетейік, бұған дейін біз Дархан Нортаевтың Моңғолияда джиу-джитсу жарысынан жүлделі 3 орын алғанын жазған болатынбыз. Оны осы жерден оқи аласыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы