Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі екінші перзентін дүниеге әкелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Қош келдің өмірге балапаным.
Көп күттірмей Аллам тағы да ата-ана атануды нәсіп етіпті. Тілеп, күтіп жүрген барша жанға жұғысты болсын!
Құттықтауларыңызды қабылдаймыз. Көп тілеуі қабыл, балапанымызға жақсы тілектеріңізді жаза кетіңіздер", - деп жазды ол.
Еске салайық, бұған дейін Дина Төреәлінің екінші рет ана атанатыны хабарланған болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз