Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі халықтың оның табысы жайлы жаңсақ пікірінен жалыққанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дина Төреәлі әлеуметтік желідегі парақшасында өзін халықтың масыл көретінін, бірақ табысын адал жолмен өзі тапқанын мәлімдеді.
Иә, бәрі мені "байдың қызы, күйеуі асырайды" деп ойлайды.
"Әкенің малы балаға мал болмайды" - бұл менің принципім, - деп жазды Дина.
Сонымен қатар алғашқы миллионын 17 жасында тапқанын, қазіргі таңда жеке кәсібі, бірнеше жылжымайтын мүліктің иегері екенімен бөлісті.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!