Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі әлеуметтік желіде блогер құрбысымен бірігіп пәтер ойнатып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Алматы қаласының қақ ортасынан су жаңа пәтер! Иә, сіздің арманыңызды орындаймыз деп уәде берген едік. Сол уәдемізде тұрдық. Бұйырса, дәл сіз осы үйдің иесі атануыңыз мүмкін. Толық шарты сабақта айтылады", - деп жазды Дина Төреәлі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салайық, Дина Төреәлі бұл пәтерді өзінің құрбысы, танымал блогер Айя Әжібекпен бірге ойнатып жатыр. Айя Әжібек жақында Дина Төреәліге тосынсый жасап, 1001 гүл жіберген болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!