Төреғали Төреәлінің экс-продюсері әншімен не үшін жұмыс істемей кеткенін айтты

Продюсер Жан Мұқанов Виктория Новичковаяға берген сұхбатында неліктен танымал әнші Төреғали Төреәлімен келісім-шартын бұзғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Продюсер Жан Мұқанов Төреғали Төрәлімен танысқан кезін еске алды.

"Ол маған әкесімен бірге келді. Ол кезде Төреғали тек айтыскерлердің арасында танымал болды және өзінің алғашқы жеке концертін бермекші болған. Ол эстрадада аса танымал болмады. Мен бұл жобаны қолыма алдым және оны "Ұлы дала баласы" деп атадым. Оның әкесі маған "еті сенікі, сүйегі менікі" деді. Бұл терең мағынасы бар сөз. Бұл оның маған деген үлкен сенімін білдірді. Сондықтан мен оны қолыма алдым. Оның гонорары бастапқыда 200-500 доллар болды, шамамен 2-2,5 жылда 8 000 - 10 000 долларға дейін көтердік. Ол өте танымал болды және алдағы жарты жылға бос болмады. Соңғы концерт Талдықорғанда болды: онда біз 36 мың көрермен жинадық", - деді продюсер.

Жан Мұқанов әншімен жұмысын тоқтату себебін атады.

"Алайда біз нашар қоштастық. Ол кезде оның жасы бар болғаны 24-те болды. Қазанда ол 25 жасқа толатын болды. Біз бес күн қатарынан Республика сарайына концерт бердік. Содан соң бірден оның туған күні, тойға дайындық, оның тойы, бал айы болатын болды. Мен оған Дубайдағы қонақүйдің президенттік нөмірін алдым және тікұшақпен серуендеуді ұйымдастырдым. Оған жұлдыздар қандай болатынын көрсеткім келді.

Алайда концерттер ойдағыдай болмады, тек 50-60% билет өтті. Ақшасын өтемеді, сондықтан өз қалтамнан төледім. Ол қарызды жабу үшін оның 10-12 рет өнер көрсетуі жеткілікті болды. Той күні бәрін дайындап қойдым. Ол таңертең сағат 11:00 шамасында нөмірінен шықты, мен оған 10-12 рет өнер көрсетіп, өтеу керек болатынын айттым. Ол өте шаршап тұрды және мас күйде болды. Ол маған "Жан, ол сенің проблемаң" деді. Ол мені ешқашан олай атамаған, мен ол үшін әрқашан "Жан аға" болдым. Бұл мен үшін маңызды. Ол маған "сен" деп сөйледі. Мен оны қатты жақсы көрдім, әлі де жақсы көремін. Бірақ оның сол кездегі сөздері мені сындырып жіберді. Мен сөйлемей, кетіп қалдым. Тойға қатысқан жоқпын. Кеудемнен итергендей болды. Мен үшін бұл сатқындықтың шегі болды. Содан кейін Төреғали Төреәлімен жанжалдар басталды: ол сахнаға мас күйде шықты", - деді ол.

Продюсер мен әнші 3 жыл бойы араласпаған. Алайда кейін Төреғали Жан Мұқановтың үйіне келген, содан кейін олар қайтадан достасқан.

"Ол маған келді, біз құшақтастық, жыладық. Мен оны қатты жақсы көремін. Ол - менің жобаларымның ішіндегі үздіктерінің бірі. Мен оны мақтан тұтамын. Біз аз уақыттың ішінде таңғаларлық оқиға жасадық", - деді продюсер.

Еске салайық, 2023 жылы Алматыда танымал әнші Төреғали Төреәлі ұсталған видео тараған еді. 

Алматының полиция департаментінің хабарлауынша, 14 маусымда Майлин көшесінің бойында, солтүстік бағытта, жергілікті полиция қызметінің мамандандырылған батальонының экипажы 1992 жылы туған А. (Уикипедиядағы мәлімет бойынша, Төреғали Төреәлінің тегі - Әлиханов) есімді азаматтың басқаруындағы Lexus автокөлігін тоқтатқан.

"Жүргізушінің мінез-құлқы өрескел болып көрінді: ол агрессив болды, полицияның заңды талаптарына бағынбады, тұрақта тұрған Chevrolet көлігіне зақым келтіріп, ұсталған орнынан қашып кетпек болды.

Құқықбұзушының жолы бұғатталды. Патрульдік полиция қызметкерлері оны ұстап, медициналық тексеріске алып барды. Сараптама нәтижесінде А. есімді азаматтың есірткіге мас екені белгілі болды", - делінген полиция хабарламасында.

Кейін полиция Төреғали Төреәлінің ұсталған сәті анық көрінетін видеоны жариялады. Бұл жағдайдан соң әнші 20 тәулікке қамауға алынды.

Кейін әнші Төреғали Төреәліге қатысты сот үкімі шығып, ол 40 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз