Танымал әнші Төреғали Төреәліні 25 мың адам концерт алаңында он сағат бойы тік тұрып күткен екен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Төреғали Төреәлі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
"Мен Алматыдамын. Алматыға келе сала жұмыстарды бастап кеттік, әзірге Ақсуаттағы концерттегі қызықтармен бөлісейін", - деген ол өзі көлікте отырып түсірген терезедкн қолын ұстауға тырысқан фанат балалардың видеосын жариялады.
"Халқым мені, мен халқымды сағынып қалыппыз. Аллам абыройдан айырмасын", - деген әнші сахнада түсірген видеоларымен де бөлісті.
"Көптен күткен Төреш ағаны 10 сағат бойы тік тұрып күтіп тұрды. 25 мың халық 20.00-ден бастап күтті. Осындай керемет эмоция сыйлаған жандарға мың алғыс", - деген тыңдарманының пікірін де желіде жариялады әнші.
Ақсуат халқы расымен Төрешті сүйіп тыңдап, ұзақ күткен сияқты.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!