Танымал әнші Төреғали Төреәлі Ақсуатта өткен концертте сахнада ән шырқап тұрып күйеу баласын туған күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төреғали Төреәлі қарындасы Фаризаның күйеуі Дархан Нортаевтың туған күніне сахнада ән шырқап тұрып ерекше құттықтау жолдады.
"Дархан, туған күнің құтты болсын!" деген ол "Туған күнің құтты болсын, чемпион" деп жазба да қалдырған.
Айта кетейік, Төреғали Төреәлінің күйеу баласы Дархан Нортаев джиу-джитсудан чемпион атанған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз