Әнші Төреғали Төреәлі өз ісіне өкініп отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы соттарының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты есірткіге мас болып, көлік құралдарына зақым келтірген А.-ға (Төреғали Төреәліге) қатысты әкімшілік істі қарады.
Сот отырысында құқық бұзушы іс материалдарында баяндалған фактілерді растады және өз ісіне өкінетінін айтқан.⠀
Еске салайық, мұның алдында әнші Төреғали Төрәлінің 20 тәулікке қамалып, 7 жылға көлік айдау құқығынан айырылғанын хабарлаған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!