Танымал әнші Төреғали Төреәлі 2016 жылдан бері өнеріне тамсанып жүрген қызға ақшалай сыйлық жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жақында ғана алтыншы баласы өмірге келген танымал әнші әлеуметтік желідегі үш оқырманына ақшалай сыйлық жасайтынын хабарлаған болатын.
"Құрметті достар, уәдеміз бойынша үш адамға сыйлығымыз бар деген едік. Енді қазір сол үш адамды анықтайтын боламыз. Кеттік", - деген Төреғали Төреәлі жекесіне хат жазып, құттықтаған және әйелінің перзентханадан шығатын күнін дұрыс тапқан оқырмандарының арасынан кездейсоқ үш адамды таңдап, ақшалай сыйлық жасады.
Кездейсоқ таңдалған үш оқырманына өз аккаунтынан "Сәлеметсіз бе! Сіз 10 мың теңге ұттыңыз! Каспи номеріңізді жазып жіберіңіз", - деп хабарлама жіберген.
Жеңімпаздардың арасында әншінің 2016 жылдан бергі фанаты Аружан Шапабекқызы есімді оқырманы да бар екен.
"2016 жылдан бері Төрештің фанатымын. Төреғали Төреәлі рахмет! Сәбиіңіздің бауы берік болсын", - деп жазды әншінің фанаты әлеуметтік желіде.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!