- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Топтық чаттан шығуға...
"Топтық чаттан шығуға ұялмаңыз". WhatsApp-та жаңа функция пайда болды
WhatsApp мессенджерінде жаңа функция пайда болды. Енді мессенджерді қолданушылар топтық чаттан шыққанда хабарлама тек әкімшілерге келеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі мессенджердің Twitter-дегі ресми аккаунтына сілтеме жасап.
"Енді топтық чаттан қалаған уақытта ескертпестен шыға аласыз, себебі чаттан шыққан кезде хабарлама тек топ әкімшісіне келеді", - делінген хабарламада.
Meet leave groups silently ?
— WhatsApp (@WhatsApp) October 6, 2022
Now you can ✌️ out of the group chat whenever you feel like it, without alerting everyone, because only the group admin will be notified when you leave the chat.
Learn more: https://t.co/V6inDzxIZV pic.twitter.com/D8Wjv5mWev
Еске салайық, бұған дейін қазаннан бастап WhatsApp мессенджері iOS-тың кейбір ескірген нұсқаларында жұмыс істемейтінін хабарлаған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек